FaLang translation system by Faboba


Все новости

НОВОСТИ

В Астане прошло расширенное заседание Научно-технического совета Министерст

13.06.18

31 мая т.г. прошло расширенное заседание Научно-технического совета Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (НТС).

Читать дальше

14-15 июня в Астане пройдет Саммит «IoT World Summit Eurasia»

08.06.18

При официальной поддержке Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан пройдет Саммит «IoT World Summit Eurasia», на котором будут представлены лучшие мировые практики

Читать дальше

Работникам ТОО «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» вручены профсоюзные билеты

08.06.18

В ТОО «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» в начале года была организована первичная профсоюзная организация, которая была создана с целью защиты прав и интересов, улучшения условий труда работников предп

Читать дальше

Толығырақ

Компания туралы

«Қазтехнологиялар» АҚ құрылу тарихы

СССР министрлер Советінің 1947 жылдың 14 сәуірінде № 996 қаулысы негізінде одақтық республикалардағы кеңселерімен «Союзмелиовзрыв» жару жұмыстары бойынша бүкілодақтық трест құрылды. Қазақ Республикасының бүкілодақтық терсті «Союзмелиовзрыв» жұмысын СССР – дың ауыл шаруашылық министрлігінің Бас су шаруашылығы басқармасының 1947 жылғы 21 мамырдағы № 16 бұйрығы негізінде бастады.
Қазақ СССР Министрлер Советінің 1958 жылғы 26 наурыздағы № 434 өкімі және Қазақ СССР құрылыс министрлігінің 1958 жылғы 31 наурыздағы № 71 бұйрығының негізінде «Шаруашылық есептегі бөлімшілер трестінің желісімен «Казахвзрывпром» бұрғылау – жару жұмыстарын өндіру бойынша мемлекеттік мамандандырылған трест» болып жекешеленіп қайта құрылды:

  1. Алматылық мамандандырылған басқарма
  2. Қарағандылық мамандандырылған басқарма
  3. Қостанайлық мамандандырылған басқарма

Аймақтарда жұмыстар көлемінің өсуіне байланысты, Қазақ СССР Минмонтажспецстройдың 1990 жылғы 15 қарашадағы № 291 бұйрығымен «Казахвзрывпром» тресті тоғыз аймақтық бөлімшелерімен «Казахвзрывпром» мемлекеттік республикалық мамандандырылған бірлестігі болып қайта құрылды. «Қазахвзрывпром» мамандандырылған бірлестігі базасында «Жарылыс» Мемлекеттік акционерлік компаниясы құрылды және оған № 56602 нөмерімен 1994 жылы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы куәлік берілді. Компания құрамына кірген аймақтық мемелекеттік кәсіпорынға заңды тұлғалардың еншілес кәсіпорындар мәртебесі берілді және олардың аймақтары бойынша аумақтық тіркеуі өткізілді. ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын өнеркәсіптік жарылғыш материалдарымен қамтамасыз ету және өндіріс саласында мемлекеттік реттеу мәселелері» 24.11.1996 ж. №1296 қаулысымен ҚР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетіне мемлекеттік мүлікті басқару, иелену және пайдалануға «Жарылыс» МАК құқығын тоқтату, оның базасында жүз пайыздық мемлекеттік активімен «Қазақжарылысөнеркәсіп» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) жаңадан жасау тапсырылған. «Қазақжарылысөнеркәсіп» РМК 9 (тоғыз) аумақтық-өндірістік басқармасы (ТПУ) берілді.

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы №316 қаулысымен «Қазақжарылысөнеркәсіп» РМК және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары жарғылық капиталда мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен ашық акционерлік қоғамы болып, яғни аймақтардағы филиалдарымен «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілерді кәдеге жарату мәселелерін мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 882 қаулысымен «Қазақжарылысөнеркәсіп» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақжарылысөнеркәсіп» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы №1166 қбпү қаулысымен «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ «Қазтехнологиялар» АҚ болып қайта аталды.
ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №704 қаулысымен ҚР Қорғаныс министрлігінен жаңадан құрылған Министрлікке қорғаныс өнеркәсібі саласындағы функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ Қоғам акцияларын пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беру жүзеге асырылды.

Қоғамның мынадай филиалдары бар:

  • «Центр утилизации» в г. Алматы;
  • «Алматыжарылысөнеркәсіп» Алматы қ.;
  • «Батысқазжарылысөнеркәсіп» Ақтөбе қ;
  • «Қостанайжарылысөнеркәсіп» Қостанай қ.;
  • «Оңтүстікжарылысөнеркәсіп» Шымкент қ.