Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің құттықтауы

Құрметті ханымдар!

Сіздерді өзімнің атымнан және Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымы атынан 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенім ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын!

Көктемнің көрікті мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз! Төңірегіңіз түгел болып, үйіңізден жылылық кетпесін!

Құрметпен, Бейбіт Атамқұлов

Кері қайту