Оқ-дәрілерді кәдеге жараты (утилизациялау)
Утилизация департаменті 2015 жылдың 8 мамырындағы «Казтехнолдогиялар» АҚ Басқармасының отырысының №6 хаттамасымен құрылды.
Стратегиялық бағыты: мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бақылау және жүзеге асыру (ГОЗ).
Астана қаласының орталық аппаратында Утилизация департаментінің штаттық саны: 5
Алматы қаласының филиалы «Утилизация орталығы»: 39
Отар бекетіндегі оқ-дәрілерді утилизациялау учаскісі:78
Арыс қаласындағы оқ-дәрілерді утилизациялау учаскісі: 85
«Казтехнологиялар» АҚ «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік тағайындауға жарамсыз және белгіленген мерзімін өткерген оқ-дәрілерді кәдеге жарату кешенді жүйесін құру концепциясы» әзірледі.
2011 жыл: Отар станциясында (Жамбыл облысы) оқ-дәрілерді кәдеге жарату бойынша мобильді кешен пайдалануға берілді.
2013 жыл: Арыс қаласында (Оңтүстік – Қазақстан облысы) оқ-дәрілерді кәдеге жарату бойынша мобильді кешен пайдалануға берілді.
Өндірістік учаскілер қазіргі заманғы талаптарға сай келетін қауіпсіздік, сонымен қатар оқ-дәрілердің әр түрлі түрлері мен калибрлерді (зымырандық-артиллериялық қару-жарақ, инженерлік оқ-дәрілер, ПСО) кәдеге жаратуға мүмкінді беретін құрал – жабдықтармен жабдықталған.
Өндірістік учаскілерінде арнайы оқуды және дайындықты өткен білікті персонал жұмыс істейді.
Бүгінгі күні «Казтехнологиялар» акционерлік қоғамының алдында оқ-дәрілерді кәдеге жарату процессінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, автоматтандырылған жабдықтарды енгізу арқылы оқ-дәрілерді кәдеге жарату барысын жетілдіру міндеті қойылған.
ӨНДІРІСТІК УЧАСКІЛЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ - ЖАБДЫҚТАРЫ
Бүгінгі күні оқ- дәрілерді кәдеге жарату «Казтехнологиялар» АҚ учаскілерінде келесі құрал-жабдықтар пайдалануға берілді:
Оқ- дәрілерді распатрондық (распатронирования) модулі, бастамашыларды (инициаторларды), капсула төлкесі және жарғыштарды бұрау үшін жабдықталған станок (Өндіруші: Польша).
Снарядтарды гильзадан бөлу бойынша гидравикалық қондырғы (Өндіруші: Польша).
57 мм бастап 115 мм дейінгі калибрлі снарядты бөлу бойынша станок (Өндіруші: Қазахстан).
Оқ-дәріні қаптау және суырып алу модулі (оқ- дәріні қаптау және суырып алу қолмен өндіріледі) (Өндіруші: Польша).
Жарылғыш заттарды алу үшін арналған жарылғыш зарядты суырып алу модулі (Өндіруші: Польша).
Оқ - дәріні суырып алу модулі (Өндіруші: Польша)
Белдігінің жетекші мысын алтып тастау модулі (Өндіруші: Польша)
Инженерлік минаны кәдеге жарату үшін инженерлік модуль (Өндіруші: Польша)
Жарғыштарды бөлшектеу модулі (Өндіруші: Польша)
Атқыштар қаруының патрондарын кәдеге жарату үшін сызығы (Өндіруші: Беларусь Республикасы)
Оқ – дәрілерді кәдеге жарату кезеңін аяқтауға арналған металл өндеу цехі
Оқ – дәрілердің элементін күйдіру үшін бронопеші.
ЫНТЫМАҚТЫСТЫҚ КЕЛЕШЕГІ
Осыған байланысты «Казтехнологиялар» АҚ жаңа технологияларды іздеу, құрал – жабдықтарды және еңбек қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолданыстағы құрал – жабдықтарды жетілдіру бойынша және өндірістік қызметкерлер үшін қауіп – қатерлерді азайту ықтималы бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Іздеу таяу және алыс шет елдері бойынша жүргізіледі.
Оқ – дәріні кәдеге жаратуда мамандандырылған кәсіпорындар нарқын зерттеу нәтижесінде, бүгінгі күні «Казтехнологиялар» АҚ үшін ерекше қызығушылық білдіретін компаниялар іріктелді