ҚР ҚАӨМ делегациясы Ғарышты игеру мәселелері бойынша Халықаралық форумға қатысты

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Марат Нұрғожин бастаған қазақстандық делегация Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және техника министрлігінің шақыруымен ү.ж. 3 наурызда Токио қаласында өткен Ғарышты игеру мәселелері бойынша 2-ші Халықаралық форумға (ISEF2) қатысты.

ҚР ҚАӨМ делегация құрамына «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Вице-президенті, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов және «Ғалам» БК Бас директоры Айберген Рұсланұлы кірді.

ISEF2 Министрлер деңгейіндегі жиналысының «Бірлескен ұлттық және халықаралық жобалар арқылы ғарыштық кеңістікті игерудің басқарылатын және автоматтандырылған бағдарламаларды іске асыру» сессия аясында қазақстандық делегацияны бастаған ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі М. Нұрғожин Қазақстандағы ғарыштық қызметінің дамуы туралы баяндама жасады.

Форум аясында қазақстандық өкілдер Жапонияның Аэроғарыштық зерттеулер агенттігі, БАӘ Ғарыштық агенттігі, «Роскосмос» мемлекеттік корпорация, Сауд Арабияның король Абдель-Азиз атындағы ғылым мен технологиялар орталығы, БҰҰ-ның Ғарыштық кеңістігі мәселелері бойынша басқармасы, Қытай ұлттық ғарыштық басқармасы, Украинаның Мемлекеттік ғарыштық агенттігі, Кореяның Аэроғарыштық зерттеулер институты басшылығымен, сондай-ақ Люксембург Премьер-Министрдің орынбасарымен екіжақты келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында халықаралық қатынастар перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар, ҚР ҚАӨМ делегациясы Жапония Аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің (JAXA) Цукуба ғарыштық орталығына барып келді.

Ғарышты игеру бойынша екінші Халықаралық форум (ISEF) – ғарышты игеру саласындағы жаһанды ынтымақтастықтың жүйесін құруға мүмкіндік беретін халықаралық алаң. Бұнда ғарыштық ведомстволар басшылары ғарышты зерттеу бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, перспективті ғарыштық жобаларды іске асыруда өз күштерін біріктіреді. Іс-шараға 60-қа жуық елден келген ғарыштық саланың 500-дей өкілдері қатысты.

Алғашқы Ғарышты игеру бойынша форум Вашингтонда (АҚШ) 2014 жылдың қаңтарында өтті. Оған 35 елдің өкілдері қатысты, олар ғарышты игеру және зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ғарышты игеру бойынша 3-ші форум (ISEF3) 2021 жылы Италияда өтетін болады.

Источник

FaLang translation system by Faboba