Қазақстан делегациясы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың басшылығымен Испания Корольдігіндегі қорғаныс кәсіпорындарына барды.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясының сапары «AIRBUS DefenceandSpace» компаниясының бөлімшелеріне барумен басталды. Ол жақта қазіргі уақытта ҚР Қарулы Күштері пайдаланатын «С-295» ұшағын өндіру процесімен танысты.

Одан кейін Бейбіт Атамқұлов Испанияның қорғаныс министрі Мария Долорес де Коспедаль Гарсиеймен кездесіп, ортақ жобалардың іске асуын және қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы испандық компаниялармен ары қарайғы ынтымақтастықты талқылады. Келіссөз қорытындысында қазақстандық делегация қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы испандық кәсіпорындарды 2018 жылдың 26-мамырында Астана қаласында өтетін V «KADEX» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға шақырды.

Жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация өкілдері «INDRASistemasS.A.» компаниясы басшылығымен келіссөздер жүргізіп, радиолокациялық және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін бірлесіп өндіруді, сондай-ақ киберқорғаныс, ғарыштық және цифрлық технологиялар салалары бойынша серіктестік мәселелерін талқыға салды.

Екі жақ жұмыс сапары қорытындысында аталған салаларда ынтымақтастықты тереңдете және кеңейте түсуге ниет білдіріп, екі тараптың да бұл жөнінде потенциалы жоғары екенін атап өтті, сонымен бірге қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыру бойынша нақты тәжірибелік қадамдарды анықтады.

Источник

FaLang translation system by Faboba