980x100

Құрметті ханымдар!

Сіздерді өзімнің атымнан және Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымы атынан 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенім ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын!

Көктемнің көрікті мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз! Төңірегіңіз түгел болып, үйіңізден жылылық кетпесін!

Құрметпен,

Бейбіт Атамқұлов

Источник

FaLang translation system by Faboba